Қуағаш – Үлкен Қобда алабындағы өзен.

Гегорафиялық орны Ақтөбе облысы Қобда ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 35 км.

Бастауы Бастауын Көлдіш тауының оңтүстік-шығыс етегіндегі бұлақтардан алып, Иманғали Білтабанов ауылы маңында Сауқайың өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Арнасының алабы кең, жағалау бойы ашық. Иманғали Білтабанов ауылы маңында, сол жағалауында шағын төбе орналасқан. Жаз айларында арна суы құрғап, қарасуларға бөлініп қалады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қобда ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі