«Жексұрын мен» () — Illumination Entertainment компаниясы шығарған компьютерлік мультфильм. Әлемдік премьера 2010 жылдың 27 маусымында, Қазақстанда премьера 2010 жылдың 8 шілдесінде өтті.

Сюжеті Сырт көзге жексұрын көрінсе де, іштей мейірімді Грю әлемдегі ең зұлым адам екенін дәлелдеу үшін Айды ұрламақ болады. Оған өзі құрған миньондар армиясы көмектеседі. Оның бұл ойына бәсекелестері мен өзі асырап алған үш кішкентай қызды күтіп-бағуға қатысты мәселелер кедергі болады. Кейіпкерлер Грю Фелониус Мексон — басты кейіпкер және суперзұлым, бірақ шын мәнінде жақсы адам. Қу, залым және батыл. Доктор Нефарио — кәрі өнертапқыш-ғалым, Грюдің көмекшісі. Вектор (шынайы аты — Виктор Перкинс) — мистер Перкинстың баласы және зұлымдық бойынша Грюдің қарсыласы. Теңіз жануарларымен бірге қару шығаратын бейбақ. Марлена — зұлым әжей, Грюдің анасы. Каратэмен айналысады. Мистер Перкинс — толық адам. Вектордың әкесі және Зұлым Банкінің директоры. Мисс Хэтти — толық ханым, сырт көзге жақсы, бірақ іс жүзінде ашуқор және күйгелек (әсіресе қыздармен). Жетім қыздарға арналған балалар үйінің директоры. Марго — қыздардың ішіндегі ең үлкені, ең ақылдысы, әрі ең белсендісі. Көзілдірік киеді. Эдит — қыздардың ортаншысы, сары шашты қыз, әрқашан қызғылт тоқылған бөрік киіп жүреді. Қорқынышты фильмдерді сүйіп көреді. Агнес — қыздардың ең кішісі. Жалғыз мүйіздерді жақсы көреді. Миньондар ( — бағынушы; қызметші; жалшы; атарман) — «Kinder - сюрприз» типты шоколад жұмыртқадан шығатын пластмасс цилиндрлік қорабына ұқсас сары ағзалар. Дөңгелек көзілдірік киіп жүретін, екі немесе бір көзді келеді. Бір-бірімен өз тілінде сөйлесіп, кейбір кезде адамға түсінікті сөздер айтады. Миньондар қалай пайда болғаны белгісіз: балалар бөлмесінде миньон суреттелген FINAL () сөзімен сызба тұр, бұның арқасында топшылауға болады: миньондар - генетикалық эксперименттің өнімі. Басқа тірі ағзалар сияқты олар тамақ жейді, сусын ішеді және ұйықтайды. Бірақ олар ғарышта скафандрсыз жүре алып, ұйықтағанда жарқырайды. «Танысу күні» мультқосымшасында миньондар мына фразаны айтады:«Біз бір отбасымыз, себебі біз бір мутацияланған ДНҚ тізбегінен құрылғанбыз». Миньондарды Грю өзінің әскері және көмекшісі ретінде қолданылады. Олар ақылсыздау, бірақ еңбекқор және күлкілі. Грю миньондарға жақсы қарайды, бір-біріне ұқсаса да барлығының атын біледі. Миньондар бұған оны шексіз қадірлеумен жауап береді.

Фред МакДэйд — Грюдің көршісі. Фильмнің басында көршінің иті оның ауласын ластап кеткенде және Грю айға зымыран ұшырғанда пайда болады. Фильмді ол маңызды рөл атқармайды.

Марапаттары мен номинациялары 2010 — «Спутник» премиясының «үздік анимациялық фильм» номинациясы. 2010 — «Teen Choice Awards» премиясының «үздік жазғы фильм» номинациясы. 2011 — «Алтын глобус» премиясының «үздік анимациялық фильм» номинациясы. Музыкасы

Фильмде көбінесе Фаррелл Уильямс пен Эйтор Перейраның композициялары қолданылған.

2010 жылдың 6 шілде күнінде Ханс Циммер продюсерлеген, Эйтор Перейра жазған Фаррелл Уильямстың фильмдегі композициялары біріккен Despicable Me: Original Motion Picture Soundtrack альбомы шықты. Альбом промо-CD және толыққанды альбом түрінде жарияланған.

Жалғасы 2012 жылдың 4 наурызында «Лоракс» мультфильмімен бірге «Жексұрын мен 2» сиквелінің алғашқы ресми тизері көрсетілді. Фильм сюжеті мен кейіпкерлері құпия сақталып, тизерде өлең айтып жатқан төрт миньон көрсетілген. Қазақстанда премьера 2013 жылдың 15 тамызында өтті. Қысқаметражды мультфильмдер Фильмның Blu-ray Disc және DVD Discке шығуына студия арнайы кейіпкерлер қатысқан үш қысқаметражды мультфильм шығарды. Қысқаметражды мультфильмдер қосымша-бонус ретінде жасалды. Бұл мультфильмдердің атауы мен сюжеті мынадай: «Үйдің түрін түбегейлі өзгерту» () — Марго, Эдит және Агнес миньондармен бірге Грю жоқ кезде әлеуметтік жұмысшының келуіне үйді дайындайды; «Танысу күні» () — миньондар жаңа келген миньондарға Грю лабораториясының қауіпсіздік ережелері мен жұмыс ұйымдастырылуы туралы айтады; «Банан» () — лабораториядағы жұмыс кезінде миньондар бір-бірімен банан үшін жанжалдасады.

Дереккөздер

Сілтемелер