Жерар Би Гуа Гоу (; 29 желтоқсан 1988 жыл, Ганьоа, Кот-д’Ивуар) — ивуарлық футболшы, шабуылшы. Мансабы Клубтық Футболмен айналысуды 2004 жылдан Абиджан қаласының «ЖКА» клубының құрамында бастаған. 2007 жылы сол командамен Кот-д’Ивуардың Жоғарғы Лигасында алғаш өнер көрсеткен. Бір жылдан кейін Жерар марокколық «Хассани Агадир» командасына ауысты.
2010 жылдың басында швейцарлық «Ксамакс» клубының негізгі құрамына қабылданды.
2011 жылы жазда ол түрік клубы «Денизлиспормен» келісімшартқа отырды, ал келесі жылы «Кайсери Эрджиесспорға» ауысты, команда құрамында 19 рет қарсылас қақпасын дәл көздеп 2012/2013 жылғы Түркияның Бірінші Лигасының үздік сұрмергені атанған. 2013 жылы 5 шілдеде «Краснодармен» үш жылдық келісімшартқа отырды. Команда құрамындағы алғашқы голын 3 қарашада «Кубань» (1:2) қақпасына соқты.
2014 жылы жазда Алматылық «Қайрат» командасына келіп қосылды. Өзінің екінші ойынында хет-трик жасады, сол ойында «Қайрат» Қазақстан чемпионатының қазіргі көшбасшысы «Ақтөбе» командасын ойсырата жеңді (7:1).Протокол матча Кайрат-Актобе. soccerway.com.
Жетістіктері
Кот-д’Ивуар (олимп.)
Тулон турнирінің жеңімпазы: 2010
«Кайсери Эрджиесспор»
Бірінші лига: 2012/13
«Қайрат»
Қазақстан қола жүлдегері: 2014 Қазақстан күміс жүлдегері (3): 2015, 2016, 2017 Қазақстан кубогы (3): 2014, 2015, 2017 Қазақстан суперкубогы (2): 2016, 2017
Жеке
Марокко чемпионатының үздік мергені: 2008/09 (15) Түркия 1 лигасының үздік мергені: 2012/13 (19) Қазақстан чемпионатының үздік мергені: 2015 (22 ), 2016 (22), 2017 (24) Қазақстан чемпионатының ұздік футболшысы: 2015, 2017. Нилтон Мендес мергендер клубының мүшесі (99 гол)
Дереккөздер
Санат:Кот-д’Ивуар футболшылары Санат:Ксамакс ФК ойыншылары Санат:Денизлиспор ФК ойыншылары Санат:Краснодар ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Кот-д’Ивуар Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары