Қарасор — Теңіз алабындағы көл.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде, теңіз деңгейінен 317 м биіктікте. Аққошқар көлінің оңтүстігінде орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 9,6 км2, ұзындығы 4,2 км, енді жері 2,7 км, су жиналатын алабы 157 км2. Көл суы Құланөтпес өзенінің суымен толығып отырады.
Жағалау сипаты Көл жағалауы жазық, онды қамыс, құрақ өскен. Жағалауы жайылым және шабындық ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы көлдері