Қарасор — Обаған алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылынан шығысқа қарай 11 км жерде, теңіз деңгейінен 214 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Сопақ пішінді көлдің аумағы 6,7 км2, ұзындығы 3,1 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 9,9 км.
Жағалау сипаты Жағалауы және су айдынының біршама жерінде қамыс шоғырлары өскен. Алабы шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұзынкөл ауданы көлдері Санат:Обаған су алабы