Таха Хусейн(14.11.1889,Жоғары Египеттегі Магага селосы-28.10.1973,Каир) - Египет жазушысы,әдебиетші және тарихшы. Бала кезінде көзінен айырылған. Әл-Азһар және Каир университеттерін бітірді. 1914 жылы докторлық диссертация қорғады,1918 жылы Париждің Собронна университетінде екінші рет докторлық диссертация қорғады. Хусейн Таха 1919-52 жылдары Каир университетінің профессоры,деканы,Александрия университетінің ректоры, Египет халық ағарту министрі,1965-73 жылдары Каирдегі араб институты академиясының президенті болды. Ол 1926 жылы "Исламға дейінгі араб поэзиясы" монографиясы үшін қуғынға ұшырады. Еңбектері "Сәрсенбі күнгі әңгімелер" (1-2 томы,1925-26 жылдары,3томы, 1953 жылы), "Поэзия және проза туралы әңгімелер" (1936), "Қазіргі әдебиетіміз"(1958) т.б. шығармалары Хусейн Таха есімін кең танымал етті. Ол - көрнекті тарихшы. "Өмір толқынында"(1-3 томы,1933-43),"Осман"(1947),"Екі шейх"(1960) т.б. кітаптарын жариялады. Ол - жалпы араб және Египет әдебиетіндегі сыншыл реализмнің негізін салушылардың бірі. Сыйлықтары Египет мемлекет сыйлығының (1959) және "Лотос" журналы сыйлығының (1971) лауреаты. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 61-62 бет

Санат: 1889 жылы туғандар Санат: 1973 жылы қайтыс болғандар Санат:Тұлғалар Санат:Тарихшылар