Акакий Ростомович Церетели (; 9 маусым 1840 — 26 қаңтар 1915) — грузин ақыны, қоғам қайраткері. Князь отбасысында туған. Петербург университетінің шығыс тілдері факультетінде оқыды (1859-63). 1859 жылдан ақын ретінде танылды.

Еңбектері "Асыл сәлемдеме" (1860) атты өлеңі жаңа жыр үлгісі ретінде кеңінен тарады. 1897-1900 жылдары "Акакийдің айлық жинағы" атты журналын шығарып тұрды. Әдеби көзқарасы материалистік эстетика принциптеріне негізделген. "Ауру"(1880), "Амиран" (1883), "Сулико" (1895) т.б. өлеңдерінде ұлт - азаттық мәселелері, әлеуметтік теңсіздік жайлы бейнеленген. "Ұлы Баграт" (1875), "Торнике Эристави" (1884), "Натэла" (1900) поэмаларын, "Баши - Ачуктар" (1895-96) повесін, "Ескілік"(1894-99) атты автобиография повесін жариялады. Патша өкіметін құлатуға шақырған "Жойылсын" (1905) өлеңі грузин революционерлерінің гиміне айналды. Ол "Интернационалды" грузин тіліне (1906) аударды.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы, 12 том, 74 бет

Дереккөздер

Санат:9 маусымда туғандар Санат:26 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:Грузия жазушылары Санат:Грузия ақындары Санат:Грузия қоғам қайраткерлері