Эдвин Пауэлл Хаббл (, 20 қараша 1889, Маршфилд, штат Миссури — 28 қыркүйек 1953, Сан-Марино, штат Калифорния) — америкалық астроном, Вашингтондағы Ұлттық Ғалымдар Академиясының мүшесі. Еңбек жолы Негізгі ғылыми еңбектері галактикаларды зерттеуге арналған. Ол тұмандықтарды галактикалық және галактикадан тыс тумандықтар деп классификациялауды ұсынды. Бізге жақын галактикадан тыс тұмандықтардың жұлдыздық табиғаты бар екендігін, яғни олардың біздің Галактикаға ұқсас екендігін дәлелдеді. Галактикалардың спектріндегі қызыл ығысудың галактикалардың ара қашықтығына пропорционал екендігін көрсеттіҚазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том.
1920 жылдардың басында Хаббл кейбір жұлдыздардың біз орналасқан Құс Жолы галактикасынан тыс жатқанын дәлелдеген. Бұл жаңалық сол уақыттағы ғалам тек Құс Жолынан ғана тұрады деген тұжырымның дұрыстығы туралы дау туғызды. Ғалым, сондай-ақ, галактикалардың қызыл ығысуын зерттеді, нәтижесінде Хаббл заңы дүниеге келді. 1983 жылғы Үлкен ғарыштық телескоптың атауы, астрономияға үлкен үлес қосқан Эдвин Хабблдың құрметіне Хаббл телескопы болып өзгертілді. Телескоп 1990 жылы іске қосылды және 2014 жылға дейін қызмет етеді деп есептелудеЭдвин Хаббл деген кім? .
Дереккөздер
Санат:Америка астрономдары Санат:Тұлғалар