Анықтамасы: Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы механикалық энергия деп аталады. нобай|энергия Мысалдар: Аспандағы ұшақтың Жермен салыстырғандағы потенциалдық энергиясы да, кинетикалық энергиясы да бар. Жерге құлаған доптың кері көтерілуін, энергияның бір түрден екінші түрге айналуымен ғана түсіндіруге болады. Тербеліп тұрған маятникте энергияның бір түрі екіншісіне ауысып отырады. Садақты тартқан кезде садақ кермесінің потенциалдық энергиясы ұшқан жебенің кинетикалық энергиясына айналады. Механикалық энергияның сақталу заңы: Тұйық жүйені құрайтын денелер арасында тек қана ауырлық күші F=mg немесе серпімділік күші F=kx әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің толық энергиясы тұрақты сақталады.1 Қолданылуы: Күрделі есептерді шешуді жеңілдетеді Техникада әр түрлі тетіктердің қозғалысын есептеуде Астрономияда аспан денелерінің (жұлдыздардың, планеталардың) қозғалыстарын алдын ала болжауда Ғарыштануда зымырандардың, ғарыш кемелері мен серіктердің (спутниктердің) қозғалыс траекторияларын анықтауда.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Механикалық энергияның сақталу заңы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.