Александр Павлович Ленский (1847 жыл 13 қазан, Кишинёв - 1908 жыл 26 қазан, Мәскеу) - орыс актері, режиссер, педагог және театр теоритигі. Еңбек жолы Сахналық қызметін 1865 жылы Владимир театрынан бастады. Провинциялық театрларда қызмет етті. 1876 жылдан өмірінің соңына дейін Кіші театрдың құрамында ойнады. Тек 1882-1884 жылдары ғана Александрин театрында болды. Орыс сахнасында реализмді дамытуда елеулі рөл атқарды. Грим, мимика мен түрлену өнерінің шебері болған Ленский сахналық кейіпкердің тарихи дәлдігіне, шынайы болуына ерекше назар аударды. Театр біліміне үлкен мән берді. Басты рөлдері: Бенедикт, Петруччио (Шекспирдің «Жоқтан дабырасы» мен «Асауға тұсауында»), Уриэль Акоста (Гуцковтың орыс аттас пьесасында), Чацкий, Фамусов (Грибоедовтың «Ақыл азабында») т.б. Кіші театрдың филиалы - Жаңа театрдың негізін салушылардың бірі. Режиссурамен, педагогикалық қызметпен шұғылданды. Шәкірттері: В.Н.Пашенная, А.А.Остужев т.б. Шығармасы Статьи. Письма. Записки, 2 издание, М., 1950. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:Актёрлер Санат:Режиссёр Санат:Педагогтар Санат:1847 жылы туғандар Санат:1908 жылы қайтыс болғандар