Адриенна Лекуврер (1692 жыл 5 сәуір, Дамери - 1730 жыл 20 наурыз, Париж) - француз актрисасы. Өмірбаяны Қолөнершінің отбасында туды. Парижде актер Леграннан декламация бойынша сабақ алды. Осыдан кейін провинцияларда қызмет етті. 1717 жылдан «Комеди Франсез» (Париж) театрында ойнады. Таңдаулы рөлдері: Эмилия, Корнелия (Корнельдің «Цинна» мен «Помпейдің қазасында»), Федра (Расиннің осы аттас пьесасында), Анжелика (Мольердің «Джордж Данденінде») т.б. Шығармашылығы реалистік өнерге жақын болды. Сахналық костюмнің қарапайымдылығына ден қойды. Оның өнері ағарту классицизмінің актерлеріне жол салды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:Актрисалар Санат:Өнерпаздар Санат:1692 жылы туғандар Санат:1730 жылы қайтыс болғандар