«Сын сағат 2» () — режиссер Бретт Рэтнердың комедиялық фильмі. Басты рөлдерді Джеки Чан мен Крис Такер сомдады.
Рөлдерде АктёрРольДжеки Чанбас инспектор ЛиКрис Такердетектив Джеймс КартерДжон ЛоунРики ТанЧжан ЦзыиХу ЛиРозелин Санчесқұпия қызметінің агенті Изабелла МолинаАлан КингСтивен РейнХаррис Юлинқұпия қызметінің агенті СтерлингКеннет ЦанГонконг полициясының капитаны ЧиньЛиза ЛоцицерохатшыМей Меланконкөліктегі бойжеткенМэгги Кьюкөліктегі бойжеткенДон ЧидлКенни (титрда жазылмаған)Одри КуокКеннидің әйеліДжоэл Маккиннон МиллерТексСол Рубинекказинодағы қызметкерДжереми ПивенVersace-дағы сатушы
Жойылған көріністер Фильмнен жойылған көріністер: Картер Лиге караоке-барға кірместен бұрын демін тазартуды сұрайды. Картер капитан Диэлмен телефон арқылы Лидың гонконгтағы полицейлік бөлімінде сөйлеседі. Картер ұшақта Стиви Уандердың әнін айқайлап айтады, ал жолсерік одан әнін тоқтатуды сұрайды. Картер мен Ли жарылғыштан құтылу үшін оны лифтке лақтырады, бірақ белгісіз бір әйел оны көтеріп алады. Лас-Вегасқа баратын жолдағы жүк көлігіндегі көріністің басқа нұсқасы болған: ақша ағаш контейнерлерде жасырылған, ал Картер мен Ли байлауда болмаған.
Гонорорлар Джеки Чан — $ 15 000 000 + % түсімнен (≈ $ 5 000 000) Крис Такер — $ 20 000 000 Бретт Рэтнер — $ 5 000 000
Деректер Кенниды ойнаған Дон Чидл фильмге тек Джеки Чанмен төбелесіп қытайша сөйлесе ғана түсуге келісетінін айтты. Крис Такер мен Джеки Чанның Гонконг көшесінде тыр жалаңаш жүрген көрініс — шынайы түсірілім нәтижесі. Түсірілім тобының көшелерді жауып тастауға мүмкіндігі болмады. Чжан Цзый ойнайтын Ху Ли атты кейіпкер әуелде ер кейіпкер ретінде ойластырылған. Ху Ли путунхуадан аударғанда «түлкі» деген мағына береді. Фильнің түсірілімі барысында Чжан Цзыи ағылшын тілін мүлдем білмеген, сондықтан Джеки Чан аудармашы қызметін атқарған. Көріністердің бірінде әйгілі Майкл Джексонның Don’t Stop ’til You Get Enough атты әнін Крис Такердың орындауында тыңдауға болады.
Дереккөздер
Санат:АҚШ фильмдері