Молекулалық орбитальдар әдісі-БВ әдісі валенттік теориясына қойылатын негізгі сұрақтарға дұрыс жауап береді.Бұл теория молекулалардың түзілу себебін,құрылысын және валенттіктің мәнін түсіндіріп молекулалардың құрылысын және қасиеттерін,әсіресе магниттік қасиеттерін қарастырғанда біраз қиындықтарға кездеседі.Сыртқы магнит өрісінің ықпалына қарай заттардың диамагнитті және парамагнитті болып екіге бөлінетіні белгілі.Диамагнитті молекулаларда барлық электрондар жұптасқан күйде болады,қосақталмаған жалқы электрондар болмайды.Парамагнитті молекулаларда қосақталмаған жалқы электрондар болады және электрондар саны неғұрлым көп болсазат магнит өрісіне соғұрлым жақсы тартылады.Газ күйіндегі оттектің магниттік қасиеттері зерттеліп,оның парамагнитті екені және молекуласының құрамында екі жалқы электронның барлығы анықталады.Ал ВБ әдісі бойынша оттек молекуласында жалқы электрондар болмау керек.Шынында да ВБ теориясы бойынша оттек молекулаласындағы атомдар қос байланыспен байланысқан . Дереккөздер Жалпы химия кітабы, Алматы 1992 жыл-137 бет

http://bigox.kz/ximiya/