Халықаралық спутник байланысы ұйымы (ИНТЕЛСАТ) - халықаралық үкіметаралық ұйым, 1971 ж. қол қойылған және 1973 ж. күшіне енген екі құжаттың - ИНТЕЛСАТ туралы келісім мен ИНТЕЛСАТ туралы пайдалану келісімінің негізінде құрылды. Бірінші құжатқа мемлекеттер (тарапынан) атынан, екінші құжатқа мемлекеттер атынан немесе олар тағайындаған ұлттық ұйымдардың (қатысушылардың) атынан қол қойылған. Ұйымға 150-ден астам мемлекет мүше. Оның жұмысына қатысу шарты - халықаралық электр байланысы одағы мүше болу. Негізгі мақсаты - коммерциялық негізде байланыс спутниктерін және әлемнің барлық аудандарында қоғамдық хат-хабар алысу қызметін көрсетудің жоғары сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті ілеспе жабдықтар беру. Бұл құралдар ұйымның меншігінде болуы не оның жалдауы мүмкін. Басқарушы органдары - тараптардың Ассамблеясы, қатысушылар кеңесі, басқрушылар кеңесі және атқарушы орган. Ассамблея - ИНТЕЛСАТ-тың басты басқарушы органы. Ассамблеяның кезекті сессиялары 2 жылда 1 рет шақырылады. Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Халықаралық спутник байланысы ұйымы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.