Қаратоғанбай – Қызылтас тауларының батысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет және Ақтоғай аудандары жерінде орналасқан. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, енді жері 3-5 км. Абсолюттік биіктігі 1140 м.
Жер бедері Сай, шатқалдармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Таудан бірнеше өзен бастау алады. Ірілері: Шиөзек, Саржа, Қарасай.
Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің жоғарғы бөлім жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Аласа таудың қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, бұталар өседі. Мал жайлымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары