Қосмұрын – Бала Қосмұрын жотасының солтүстік-шығысындағы тау.
Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Қызылағаш ауылының оңтүстік-шығысында 22 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1056 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-ге созылған, енді жері 3 км. Бірнеше шоқылардан тұратын беткейлері тіктеу. Солтүстігінде Итемер, оңтүстігінде Сарымсақты таулары бар. Оңтүстік-шығыс беткейінен Кіндікті өзенінің салалары бастау алады.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас селеу, көде, бетеге, жусан, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жарма ауданы таулары