Құндыкөл — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл, Құндыкөл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде, шоқылы құрғақ дала белдемінде орналасқан. Ауыл 1996 жылға дейін "Алексеевка" деп аталды.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1087873 574 65,8 439 303 69 434 271 62,4
Тарихы Іргесі 1957 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру науқанына сәйкес “Алексеевский” қой кеңшарының құрылуы негізінде қаланды. 1997 жылдан кеңшар негізінде бірнеше шаруа қожалықтары құрылған. Олар қой мен басқа да мал бастарын өсірумен айналысады. Құндыкөлде машина-трактор жөндеу шеберханасы, т.б. әлеуметтік-ағарту мекемелері жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы елді мекендері