Мұрат Тұрарұлы Лаумулин (7 қаңтар 1959, Алматы — 11 шілде 2023) — тарих ғылым кандидат (1990), саясаттану ғылым докторы (2003), доцент. ҚазМУ-ды (1982, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң осы университетте оқытушы (1982–85), Қазақстан ғылым академиясының тарих, археология және этнология институтында ғылыми қызметкер (1985–87), КСРО ғылым академиясының тарих институтында аспирант (1987–90), ҚР Ұлттық ғылым академиясының тарих және этнология институты (1990–93) мен Шығыстану институтында аға ғылыми қызметкер, Қазақстан Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтында жетекші ғылым қызметкер (1992–97), институт директорының орынбасары (2002–03). Германиядағы ҚР Елшілігінде кеңесші (1998–2002) болды. 2003 жылдан «Инвестициялар тиімділігін зерттеу агенттігі» ЖШС-де аналитикалық ортаның жетекшісінің орынбасары қызметін атқарады. «Индустриальное развитие Казахстана в освещении зарубежной историографии (1945–1985 жж.)» деген тақырыпта кандидаттық және «Геополитика в Центральной Азии и безопасность Республики Казахстан» деген тақырыпта доктолық диссертация қорғады.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті түлектері