Кіші Майлан-Ерейментау ауданы аумағындағы күмбез тәріздес тау. Сілеті өзенінің оң жағалауында, Новомарковка ауылынан 10 км солтүстік-батыста орналасқан. Абсолюттік биіктігі 352 метр. Ұзындығы мен ені 600-800м. Батыс беткейі тік жарқабақты болып су деңгейіне дейін жетеді, шығысы көлбеу. Жоғарғы девонның инструзивті жыныстарынан тұратын, аллювилік шөгінділер жамылған. Қоңыр күңгірт топырағында әр түрлі шөптесіндер мен селеу өсімдіктері өседі. Арасында астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Дереккөздер А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Кіші Майлан · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.