Қызыл қоянжын (лат. Climacoptera affinis)Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 - алабота тұқымдастары қоянжын туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты Биіктігі 5-25(40) см. Бұтақтары қарама-қарсы орналасқан, қалың түкті. Кезектесе орналасқан жапырақтары доғал, кейде таспа тәрізді. Гүлшоғыры - масақ. Гүлі қос жынысты, гүл қоршауы 5 жапырақты. Аталығы 5. Гүл жапырақшасы гүл қоршауынан қысқа. Маусым-шілде айларында гүлдеп, жеміс салады.

Өсетін жері мен таралуы Қызыл қоянжын Орта Азияда, Батыс Қытайда кездеседі. Қазақстанда Торғай даласында, Үстірттің солтүстігінде, Арал теңізі маңында, Балқаш-Алакөл алабында, Қаратау жотасында, Мойынқұм құмды алқабында таралған. Сортаң, сазды жерде, тақырда өседі. Қызыл қоянжынды түйе сүйсініп жейді.

Дереккөздер

Санат:Қызылқұйрық тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы