Гапоншылдық- жұмысшылардың жалған ұйымын құру жолымен оларды революциялық күрестен алшақтату саясаты.Патшалы Рессейдегі үкіметті қолдайтын осындай жұмысшылар қозғалысын ұйымдастыруға бастама көтеруші және оның басшысы Г.А.Гапон болды. Полицияның рұқсатымен ол «Санк-Петербург фабрика-завод орыс жұмысшыларының жиналысы» деген ұйым құрды. Уставы 1904 жылы 15 ақпанда бекітілді. Гапоншылдық жұмысшыларды православие шіркеуіне берілгендік рухында тәрбиелеуге, оларды революцияға қарсы қоюға тырысты,таптық бітім идеясын уағыздады. 1905 жылы Петербургте 10 мыңнан астам фабрика-завод жұмысшылары тартылған «жиналыстың» 11 бөлімі болды. Гапонның бастамасымен петиция жазылып, жұмысшылар патшаға қарай бет алды. 1905 жылы 9 қаңтардағы бейбіт демонстрацияны патша әскері қанға бояды. Бұл жұмысшыларға сабақ болды. Демонстрация 1905-1907 жылдардағы революцияның басын бастап берді.

Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы