Гарибальди батальоны-1936-1939 жылдары Испаниядағы ұлттық-революциялық соғыста республикашылар жағында шайқасқан итальян еріктілерінің антифашистік отряды, 1936 жылы қазанда 520 адамнан құралды,көпшілігі-коммунистер, 1936 жылы қарашада гарибальди батальоны 12-Интернационалдық бригаданың құрамында болды.Гвадалахара түбінде итальянфашист әскерлерін талқандауда шешуші роль атқарады. Соғыс барысында жаңа күштермен толықтырылып, 1937 жылы сәуірде Гарибальди бригадасы болып қайта құрылды.
Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы