Суық көкгүл (Көкгүлдер тұқымдасы) - Алтай, Батыс Тянь-Шяньда және Альпі белдеуінде ғана кездеседі. Батпақтанған Альпі шалғындығында, мүкті балшықта, ылғалды тасты беткейлерде, бұлақ жағасында өседі. Оның ұзындығы 35 см-ге дейін, мықты сабақтарымен, ірілеу жапырақтарымен, сабақ түйіндегі және сабақ бойындағы қарама-қарсы (2-4 жұп) жапырақтарымен ерекшеленеді. Гүлдері әдетте үшеу, сабақұшына тығыз шоғырланған. Жапырағы ұсақтау, сарғыш жылтыраған, күлгін сызықтарымен және күлтенің жоғарғы бөлігі дақты. Бұл түр жазда кеш (шілде-тамыз) гүлдейді, әр елдің халық медицинасында жер үсті бөлігі гүлдері бауыр ауруларына, тыныс жолы ауруларына, өкпе қабынғанда, қызу көтерілгенде және тәбет ашуға, жоғары қызулы жұқпалы ауруларды емдеуге кеңінен қолданады. А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012. Дереккөздер

Санат:Көкгүлдер Санат:Қазақстан флорасы