1944 жылы Британия әскерлерінің күшімен грек жері Германия үстемдігінен азат етілді , сөйтіп ,Британ әскерлері елде 1947 жылға дейін тұрақтап қалды.Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Грекияда азамат соғысы басталды.Онда екі күш тайталасты : коммунистер бастаған солшылдар және монархияшылдарды қосып алған оңшылдар .Ұлыбританияның Грекия ауыртпалығын көтеруге мұршасы болмады.Ақырында ,Грекияны капиталистік шеңберде қорғау кепілдігі АҚШ-қа ауысты .1947 жылы Грекия мен Түркияға әскери және экономикалық көмек беру жөніндегі «Трумен доктринасы» жарияланды .Азамат соғысы аяқталған соң үкіметті консерваторлық топтың өкілдері Папагоса мен Караманлис басқарды.Алайда 1963 жылғы сайлау барысында Демократиялық орталық одағы партиясының жетекшісі Г.Папандреу бастаған күштер жеңіп шықты,олар парламентте солшылдардың қолдауына ие болды .Жаңа сайлау қарсаңында , либералды-демократиялық күштердің жеңісінен күдіктенген реакциялық әскер топтары 1967 жылы сәуірде мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырып , «қара полковниктер» диктатурасы орнады.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Грекия II дүниежүзілік соғыстан кейін · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.