Наливкин Владимир Петрович -орыс офицері ,шығыс зерттеушісі,этнограф. 19 ғасырдың 2-ш жартысында орыс армиясының офицері ретінде Орта Азияға жасалған әскери жорықтарға қатысты. Әскер қатарынан өз еркімен босағаннан кейін , Наманган уездінің Намай қыстағында өзбектер арасында тұрды. Жергілікті халық тілін үйреніп, тарихы мен қолжазба мұраларын зерттеді.Наливкин Наманганда ауыл шаруашылығының дамуына, өзбек әйелдерінің тұрмысы, жалпы өлке тану мәселелері жөнінде бірқатар еңбектер жазды. Зайыбы Мария Владимировнамен бірге жазған кітабы да бар.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Наливкин Владимир Петрович · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.