Наманған облысы (уәлаяты, ) — Өзбекстанның шығысындағы облысы. Жері 7,8 мың шаршы километрге тең, және халық саны 2,867,400 адамға (2021) тең. Әкімшілік орталығы — Наманған қаласы.

Тарихы Наманған уәлаяты 6 наурыз күні, 1941 жылы Өзбек Кеңестік Социалистік Республикасының облысы ретінде құрылған. Облысқа Қасансай, Наманған, Нарын, Пап, Төреқорған, Үйші, Үшқорған, Шуст және Жаңақорған аудандары және Наманған және Шуст облыстық бағынысты қалалары кірді.

1950 жылы Шартақ ауданы, және 1952 жылы Задарьинский (Күнгей Дария) ауданы құрылды. 1959 жылы екеуі де ыдыратылған еді. 1960 жылы 25 қаңтарда Наманған облысы таратылып, оның аумағы Әндіжан және Ферғана облыстарының құрамына кірді. Облыс 1967 жылы 18 желтоқсанда қалпына келтірілді.

1970 жылы Тұрақорған өңірі, 1973 жылы Қасансай мен Нарын, 1980 жылы Чартақ аудандары құрылды. 1969 жылы Чуст облыстық, 1974 жылы Үшқорған, 1979 жылы Қасансай, 1983 жылы Чартак, 1988 жылы Хаққұлабад қаласы мәртебесін алды.

Әкімшілік бөлінісі thumb|400px|right|Наманған облысының әкімшілік бөлінісі Наманған облысының 12 әкімшілік бірлігі бар: 11 аудан мен орталығы, Наманған қаласы. Картадағынөмірі Қазақша атауы Өзбекше атауы Тұрғындары1-01-2019 адам Орталығы Құрамы 3 Қасансай ауданы Kosonsoy tumaniКосонсой 203883 Қасансай Қасансай қаласы, 10 қм, 7 ааж 4 Мыңбұлақ ауданы Mingbuloq tumaniМингбулоқ 123103 Жұмашай 7 қм, 7 ааж 5 Наманған ауданы Namangan tumaniНаманган 174649 Ташбұлақ 5 қм, 10 ааж 6 Нарын ауданы Norin tumaniНорин 160275 Хаққұлабат Хаққұлабат қаласы, 8 қм, 8 ааж 7 Пап ауданы Pop tumaniПоп 215022 Пап Пап қаласы, 15 қм, 10 ааж 8 Төреқорған ауданы To’raqo’rg’on tumaniТўрақўрғон 220613 Төреқорған Төреқорған қаласы, 13 қм, 8 ааж 10 Үйші ауданы Uychi tumaniУйчи 207701 Үйші 13 қм, 8 ааж 9 Үшқорған ауданы Uchqo’rg’on tumaniУчқўрғон 168214 Үшқорған Үшқорған қаласы, 4 қм, 8 ааж 1 Шартақ ауданы Chortoq tumaniЧортоқ 194617 Шартақ Шартақ қаласы, 10 қм, 9 ааж 2 Шуст ауданы Chust tumaniЧуст 259738 Шуст Шуст қаласы, 11 қм, 11 ааж 11 Жаңақорған ауданы Yangiqo’rg’on tumaniЯнгиқўрғон 212857 Жаңақорған 19 қм, 11 ааж Наманған қаласы NamanganНаманган 612208

Дереккөздер

Санат:Наманған облысы Санат:Өзбекстан облыстары