thumb|Ескі пинакотека. Мюнхен thumb|Жаңа пинакотека. Мюнхен Бавар мемлекеттік сурет қоры - неміс және дүние жүзі өнері коллекцияларының жиынтығы (негізінен Мюнхенде). Оған енетіндер: Ескі пинакотека (1836 ж. құрылған; П.П.Рубенстің сирек кездесетін картиналар коллекциясы, А.Дюрердің "Төрт апостолы", Тицианның "Тікнді тәж кигізуі"); Жаңа пинакотека (19 ғ-дағы неміс мүсін өнері мен кескіндеу өнері); Жаңа галерея (19-20 ғ-дағы мүсін және кескіндеу өнері); Шак галереясы (кенже романтикалық неміс өнері); Шлейсхеймдегі Жаңа сарай.
Бавар мемлекеттік сурет қорының бөлімшелері Ансбах (резиденция), Ашаффенбург (Жаңа резиденция), Байрёйт (Жаңа замок), Пассау, Регенсбург (Мемлекеттік галерея) қалаларында да барҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Дереккөздер
Санат:Германия Санат:Мұражайлар