Бавария орманы (; ) — Германияның оңтүстік-шығысындағы Чех массивының құрамына кіретін биіктігі орташа, қатпарлы-жақпарлы, кристалды тау жотасы.
Ұзындығы 90км-ге, биіктігі 1456 м-ге дейін (Үлкен Явор (Großer Arber) тауы) жетеді. Кейбір жерлері болмаса, жота негізінен тегіс. Шумаваға қараған солтүстік-шығыс беткейі біршама көлбеу; оңтүстік-батыс беткейі Дунай аңғарына қарай тік жар болып бітеді. 800 м биіктікке дейін шырша-шамшат, одан жоғары шамшат, майқарағай ормандары өседіҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Галерея +center|300pxcenter|300px center|335px
950px|Эдо қаласының көрінісі, 1865-1866 ж.
Дереккөздер
Санат:Германия географиясы