Қараөзен гипс кен орны - Атырау қаласының жанында орналасқан кен орны. Кен күмбезінің аумағы 25 км2-ге жуық. Кен орны пайдаланылуда.

Геологиясы және құрамы Гипстің қалыңдығы 70 м-ге жетеді. Алғашқы белгіленген қоры 6,312 млн.т, орташа қалыңдығы 2,4 м. Барланған гипс тасының қоры 30 млн.т. Гипстің түсі сұрғылт, кристалдығы әр түрлі, көбінесе сазды, карбонатты болып келеді. Жыныстардағы гипстің мөлшері 81,6%-дан 90,5%-ға жейін жетеді.

Химиялық құрамы SO3 - 21,7-26-53; К2O2 - 0,4-1,61; CaO - 24,08-31,68; MgO іздері; H2O - 12,94-19,6.

Тағы қараңыз Кен орны Қазақстанның кен ресурстары Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Атырау облысы кен орындары