Қаратайқыз мұнай кен орны — Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор темір жол стансасының шығысынды 85 км жерде, Каспий маңы ойпатының шығысында орналасқан. Кен орны 1948-1960 жылдары барланып ашылған.
Геологиясы мен сипаты Кен қосқанатты тұз күмбезді құрылымнан тұрады. Неокомда 6, юрада 1 мұнайлы қабат барланған. Неоком қабаттары құрылым шоқтығында 260 м, юранікі 359 м тереңдікте. Иірімдердің биіктігі 11, кеуектілігі 20 м. Мұнайлы қабаттар терригендік таужыныстардан түзілген, коллекторлары кеуекті. Қабаттардың мұнайға қаныққан қалыңдығы 16 м (неоком) және 5 м (юра)
Құрамы Коллекторлардың ашық кеуектілігі 25-30%. Мұнайға қанығу коэффициенті 0,9. Мұнайдың тығыздығы 894-899 кг/м3. Күкірті аз - 0,32%. Парафині аз - 0,64%. Шайырлылығы жоғары - 28%.
Санат:Атырау облысы кен орындары Санат:Қазақстан мұнай кен орындары