Аддис-Абеба (амхарша - "жаңа гүл") — Эфиопияның астанасы, ірі сауда-финанс, мәдени орталығы. Географиясы Ефиопия таулы қыратының орталық бөлігінде, теңіз деңгейінен 2400 м биіктікте. Аэропорт, тас жол торабы, темір жол арқылы Аден шығанағындағы Жибути портымен байланысады.

Халқы — 3 041 002 тұрғын (2012ж. мәліметі). Экономикасы Аддис-абебада жеңіл (мата тоқу, тері илеу, аяқ киім тігу), тамақ (астық тарту, май шайқау, ет-сүт өімдері шығару), ағаш өндеу және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар шоғырланған. Тоқыма, тері, металл, ағаш бұйымдары жасайтын майдагерлік кәсіпшілік дамыған.

Аддис-абеба арқылы шетке кофе, мал терісі, астық, балауыз шығарылады.

Университет, ұлттық кітапхана, тарихи-этнографиялық мұражай, ұлттық театр, ефиопистика интституты бар.

1958 жылдан бері БҰҰ-ның Африка істерімен шұғылданатын экономикалық комиссияның және 1963 жылдан Африка бірлігі ұйымының тұрақты резиденциясы.

Қаланың әсем көріністері

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

http://www.addisababacity.gov.et/ http://www.ethiopar.net/English/basinfo/infoadds.html http://report.globalintegrity.org/ethiopia http://www.macalester.edu/courses/geog61/kshively/intro.html http://jimmatimes.com/Directory/p_Categories.cfm?categoryID=316&submitted=1&category=122 http://www.citymayors.com/mayors/addis_mayor.html http://clpmag.org/content/contentpages/2008/blogs/sarah/Stuteville_Dawn.php http://www.addismap.com/

Санат:Аддис-Абеба