thumb|Веронадағы Адиджеден өтетін Понто-Пиетра көпірі Адидже, - Солтүстік Италиядағы өзен. Энталь Альпісінен басталып, Адрия теңізіне құйылады. Ұзындығы 410 км, алабының ауданы 14,7 мың км². Венеция ойпаты арқылы өтеді. Изарко өзенінің сағасынан бастап кеме жүзеді (350 км). Ірі СЭС-тер салынған. Жағасында Больцано, Тренто, Верона қалалары бар. Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Алфавит бойынша өзендер