thumb|Дәрілік авран Дәрілік авран (Бұзартүзер лат. Gratiola officinalis)Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет. - биіктігі жарты метрге жететін, бақажапырақ тұқымдасына жататын шөп тектес өсімдік.

Сипаты Сабағының жоғарғы жағы төрт қырлы. Тамыры көлбеу өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, отырмалы, ұштары сүйір, шеттері ара тісті, жіңішкелеу келеді. Гүлдері ақ немесе ашық қызыл түсті, гүл сабақтары ұзын, жапырақтарының қуысында орналасқан. Гүл тәжі сары түтікшеге ұқсайды. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. Жемісі қыркүйек айында піседі. Өзендердің, көлдердің жағаларындағы ылғалды жерлерде, суармалы шабындықтарды, ормандардың шеттерінде өседі.

Емдік қасиеті Дәрі үшін авранның жерге түскен бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады және оған қосымша тамырын да пайдаланады. Құрамында грациозид, грациамид, грациотоксин атты гликозидтер, сапониндер, органикалық қышқылдар, майлар бар. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілердің несеп айдайтын, іш жүргізетін, құстыратын, ішек құрттарын түсіретін қасиеттері бар. Осыған байланысты шемен ауруын, бауыр және тамақ ауруларын, геморройды, подаграны емдеу үшін пайдаланады. Терінің көптен жазылмай жүрген ауруларын, қышыма қотырды да емдейді. Сығылып алынған жас сөлін майға араластырып дене сыртындағы жараларға жағуға да болады.

Сақтық шаралары Дәрілік авран улы. Егер мөлшерін аздау етіп алса іш жүргізеді, көптеу етіп алса құстырады. Басқа өсімдіктермен араластырып жеп қойған жағдайда малдың ішінен қан кетеді, құсады, кейде өліп те кетеді. Сондықтан дәрілік мақсатқа аса үлкен сақтықпен, тек дәрігердің рұқсатымен ғана қолданылады.

Дереккөздер

Санат:Бақажапырақтар Санат:Дәрілік өсімдіктер