Оңтүстік Америкалық пампа мен тропикалық орманда тісінің құрылысымен ерекшеленетін өзгеше жануар өмір сүреді.Азу тісі арқылы жартылай тісті деп аталған. нобай|оңға Ленивец-жүні керісінше өседі, ағашқа арқасын беріп ілінуге үйренген.Көк-жасыл түсі арқылы олар жақсы жасыл өсімдіктерде жасырынады.Бұл жануарлар есімдеріне сай:өмірінің көбісін ағашқа жармасып тұру арқылы өткізеді, жапырақпен қоректенеді.Жай қимылдап,ауа жұтуға да жалқауланады.Аштыққа төзімді, егер жем біткенде ғана бір ағаштан екінші ағашқа өтеді.Өзінің атауын броненостар денесін сақтайтын сүйекті сауыты арқылы алды.Тасбақадан айырмашылығы ойнақы қабырғалары арқылы азулы жыртқыштардан жасырыну үшін дөңгеленеді.Ашық жазықтарда қоныстанады.1 мен 4-ке дейін балалайтын ол ұзын ін қазып, түкпіріне жұмыртқалайды.Қызығы - олардың балалары бірыңғай аталық немесе бірыңғай аналық болады.Тек қана әрдайым төрт егіздер төлдейді. Құмырсқажегі.Құмырсқажегілерде тіс болмайды.Ол атына сай жәндіктермен қоректенетіндіктен , тісті қажет етпейді.Ерекше формадағы басы азықты жинауға көмектеседі.Құмырсқаның илеуін тапса, аяғымен бұзып, тұрбатектес мұрнымен сорады.Минутына 160 рет қозғалатын аузындағы жылжымалы тілі арқылы азығын шығарады.Шайнауды қажет етпей-ақ асқазанына түскен азық ұсақталады.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Жартылайтістілер · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.