Дройзен Иоганн Густав - - (06.07.1808,Тшебятув,Польша - 19.06.1884,Берлин) - неміс тарихшысы. Киль (1840), Иен (1851), Берлин(1859) университеттерінің профессоры. Германиядағы революцияға (1848-49) белсене қатысты. Германияны "жоғарыдан", "Пруссияның төңірегінде" біріктіруді және конституциялық-монархиялық мемлекеттік құруды жақтады. Дройзен - Пруссия тарихы жөніндегі бірнеше еңбектің авторы ("Прусс саясатының тарихы" т.б.). Дройзен"эллинизм" деген терминді ғылымға енгізіп, эллинистік дәуірді тарих ғылымында тұңғыш зерттеп, б.з.б. 222 жылға дейін баяндап берді ("Эллинизм тарихы"). Бірақ ол эллинизмнің әлеуметтік-экономикалық мәні ескермей, оны Шығыс халықтарының арасына "грек мемлекеттік жүйесі мен білімін таралу" процесі деп түсінді. Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:1808 жылы туғандар Санат:1884 жылы қайтыс болғандар Санат:Германия тұлғалары Санат:Германия ғалымдары