Іле қызғалдағы () – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын өсімдік.

Биіктігі 10 - 30 см,пиязшығы жұмыртқа тәрізді,жуандығы 1 - 2 см,қара қоңыр жұқа қабықты,ішкі жағының ұшы мен түбі жатаған түкті қабықты. Сабағы жалаңаш немесе жоғарғы жағы түкті; жапырақ саны 3 - 4,алшақ орналасқан,қайырылған,сирек бүгілген,жалаңаш немесе кейде жоғарғы жағы түкті,әдетте гүлден аспайды,төменгі жапырағы белдік тәрізді дерлік немесе сызықты таспалы,ені 0,7 - 1,5 см. Гүлі біреу; гүл серігі сары,ұзындығы 2,5 - 3,5 см,сүйір немесе сүйірлеу,сырты күлгін немесе жасыл реңді,эллипсті ромб тәрізді,ішкілері кері сопақша;аталықтары гүл серігінен 2 - 2,5 қысқа,ортасы шамалы кеңейген және екі шеті де жіңішкерген,сары,тозаңдықтары жіптерінен 1,5 есе қысқа,аналық ауызы орнықты дерлік. Сәуір айының соңы мен мамырда гүлдейді.

Қазақстанда таралуы Эндемик.Бұталар арасында өседі.Кетпен,Теріскей Алатауында кездеседі. Жалпы таралған жері - Жоңғария (Іле өзенінің жоғарғы ағыны). Ферғана қазғалдағына.Колпаковский қызғалдағына және Төртжапырақты қызғалдаққа жақын түр.

Дереккөздер Қазақстанның қызғалдақтары энциклопедиясынан

Санат:Қызғалдақтар Санат:Лалагүлдер