Боровых Андрей ИвановичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Мерке МТС-ы тракторшылар бригадасының бригадирі (1943). 1900 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Кузьминка селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1929 жылы жаңадан ұйымдастырылып жатқан "Новый путь" колхозына жұмысқа кіреді. 1935 жылы "Победа" колхозында колхозшы болады. 1939 жылы тракторды өз бетімен үйреніп Костаганов МТС-на тракторшы болып ауысады. 1943 жылы тракторшылар бригадасының бригадирі болып тағайындалады. 1947 жылы тракторшылар бригадасы өңдеген 90 гектар жердің әр гектарынан колхоз 41 центнерден қант қызылшасын алып, рекордтық өнім көрсетеді.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Меркі ауданында туғандар