Ғалиақпаров АғаділГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, "Бірлік-Үстем" колхозының председателі (1942). 1909 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданында туған. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.

Еңбек жолы мен жетістігі Колхоздар құрыла бастаған жылдары алғашқылардың бірі болып "Көктөбе" колхозының құрылысын ұйымдастыру барысына ат салсады. 1928-1935 жылдары советтік және шаруашылық ұйымдарда жауапты қызметтерде болады. 1935-1942 жылдары Көктөбе колхозының председателі болады. 1942 жылдан "Бірлік-Үстем" колхозының председателі болып істейді. 1947 жылы дән тапсыру жоспарын мерзімінен бұрын орындап, мемлекет қоймасына 903 центнер астық құяды. Мал шаруашылығын жетілдіру бойынша: жылқы - 108,3%, ірі қара мал - 105,6%, қой-ешкі - 116,4% орындалады.

Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалі (1946) "Құрмет белгісі" ордені (1946) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері