Майстрюк және оның жауынгер достарына арналған ескерткіш – Жетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген монументтік өнер ескерткіші.Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы

Орналасқан жері Талдықорған қаласы, Демалыс және мәдениет саябағы.

Тарихи дерек, сипаты Карп Лукьянович Майстрюк (1887-1921 жж.) – Жетісудың І-ші Қызыл гвардияшылар полкінің командирі. Батыр Черкасск қорғанысы кезінде, Жаркентке, Пржевальскке, Ташкентке жорық жасаған кезде полк көптеген жеңіске жетті. 1921 жылдың көктемінде Майстрюк К. Л. Хива түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапты. Ескерткіш мәрмәр тастан жасалған үш қабатты тұғырдың үстінде пирамида тәрізді бетоннан құйылып, ортасынан төмен қарай мәрмәр таспен қапталған. Ескерткіштің айналасындағы қоршауы темірден жасалған.

Дереккөздер

Санат:Жетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Жетісу облысы сәулеті Санат:Жетісу облысы ескерткіштері