Қоқан Салпысы () – ұшқаттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Өсетін аймақтар Талас Алатауында, Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс бөлігінде көбіне жеке топ болып кездеседі. Қазақстанда етегінің тасты-қиыршықтасты топырағынан тау субальпі. белдеуіне дейінгі аршалы ормандар арасындағы алаңқайларда әр түрлі шөптердің арасында өседі. Сирек кездесетін қалдық түр. Алматыдағы ботан, бақта қолдан өсіріледі. Таралу аймағының таралуына байланысты Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Морфологиясы Биіктігі 80 см-ге дейін жетеді, қарапайым тамыры жуандау келген. Сырты тегіс, бір ғана сабағы болады. Қандауыр тәрізді тамыр жапырағының ұзындығы 30 см-ге дейін жетед, жиегі тегіс немесе ирек тісшелі, сабаққа қанат тәрізді созыла бекіген. Сабақ жапырақтары төртеуден шоғырлана орналасқан. Орама жапырағы түтікті қоңырау тәрізді, жиегі тікенекті, тостағаншасының төмен жағы кеңейген, қоңырау тәріздіғ жоғары жағында жапырақ тәрізді 2 қалақшасы болады. Қос ерінді гүлдері ақшыл қызғылт түсті, ұзындығы 4 см-дей, қошқыл қызыл дағы болады.

Жемісі Тұқымы дөңестеу, ұзындығы 7 мм. Тұқымынан көбейеді. Маусым-шілдеде гүлдеп, тамыз айында жеміс береді.Ботаникалық энцилопедия

Дереккөздер

Санат:Ұшқаттар