Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы – п.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әлеуметтік ғылымдар факультетінің әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының меңгерушісі. Білімі, ғылыми атағы мен дәрежесі 1992-1995 жж. – Абай атындағы АМУ аспирантура. 2000-2003 жж.- Абай атындағы АМУ күндізгі бөлімдегі докторантура. Еңбек жолы 1996 ж.- 2000 жж.- п.ғ.к., Абай атындағы АМУ –дың педагогика кафедрасының аға оқытушысы. 2004 -2006 жж.- Абай атындағы АМУ –дың педагогика кафедрасының доценті. 2006-2009 жж.- п.ғ.д., Абай атындағы АМУ –дың педагогика кафедрасының доценті. 2009 жылдан – қазіргі уақытқа дейін - профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың педагогика кафедрасының меңгерушісі. Ғылыми және кәсіби қауымдастықтарға мүшелік ету ҚР ұлттық тәрбиелеу жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің мүшесі (2009 ж.10 қарашасындағы № 532 ҚР Білім министрінің бұйрығы). 2001 жылдың 28 мамырынан бастап жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі. Марапаттары мен жетістіктері Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оықтуда шығармашылық қызметі үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР білім беру жүйесін дамытуда орасан зор үлес қосқаны үшін ҚР БҒМ-ның алғыс хатымен марапатталған. Санат:Еуразиялық ұлттық университеті қызметкерлері