Қоянды — Ақмола облысы Целиноград ауданына 1906 жылы құрылған, кейін қайттан 1954 жылы құрылған қарасты ауыл. 2007 жылы 7–ші мамырдан бастап, құрылған Қоянды ауылдық әкімдігі орталығы.Ерейментау және Целиноград аудандары бойынша Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Географиялық орны Астана қаласынан солтүстік–шығыс бағытта 18 шақырым қашықтықта орналасқан.

Тарихы 1906 жылы, Ақмоланың жаныңда Қоянды-Өзек өзенінің маңында Богоявленское ауылы құрылдыАқмола уезінің картасы — 1910 жылБүкілодақтық карта — 1927 жыл. 1930 жылдары ауыл жабылып, тұрғындары Софиевкамен Апполоновкаға көшірлді.Қоянды ауылының тарихыМиллиондық-Бүкілодақтық карта — 1937 жыл Кейіннен 1954 жылы Мұхамедрақым Жүнісов күшімен Қоянды ауылы деп қайта құралады.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен3192954 12674 323,1 1537 7762 309,8 1417 4912 337,5

Оралмандар легi Қояндыға шоғырлануы2003 жылы Нұқ Оразханның басшылығымен оралмандар легi Қояндыға шоғырлана бастаған. 2003–2008 жылдарда ауыл әкiмдiгiнде жер телiмiн алуға 5013 арыз тiркелiптi. Жер телiмiн алған 1313 адамның 861-i оралмандар. Жер құжатын ала алмай жүрген 134 адам. "Қояндыдағы даудың басы 2004 жылы сол кездегi "Көшi-қон және демография" агенттiгiнiң төрайымы, қазiр "Руханият" партиясының жетекшiсi А.Жағанова мен сол кездегi Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары болған, қазiргi Мәжiлiс депутаты Т. Мұхамеджановтардың арнайы ат басын бұрып, оралмандарға арналған 96 гектар жердiң қазығын қағудан басталды" – дейдi жергiлiктi халық.

Ауылдың жағдайы Ауылда жергiлiктi әкiмдiк пен мектептен басқа әлеуметтiк ғимарат жоқ. 50 оқушыға арналған мектепте 212 бала оқиды. Мектеп тоғызжылдық. Бұрынғы балабақшаның ғимараты. Ескi ғимаратта оқушылар сығылысып, бiр партада үш-төрттен оқып келiптi. 2009–2011 жылдары 900 орындық мектеп салынады деп жоспарланған екен. Халықты қинайтын автобус қатынасы, медициналық көмек көрсету, ауызсу, жарық, бiлiм алу, жер мәселелерi. №38 қалалық автобусының Қояндыға қатынай бастағанына бiр айдан асты. Қалалық емхананың дәрiгерлерi де айына бiр рет келiп, медициналық қызмет көрсете бастаған. Таяуда дәрiхана ашылмақшы. Ауызсу мәселесi мүлдем шешiлмеген. Суды қаладағысы қаладан, даладағы жұрт даладан тасиды. Ауыл әкiмдiгiнiң жанында елдi электрмен қамтамасыз ететiн трансформатор орналасқан. Қалтасы қалың халық 80000–120000 теңгеге электр жарығын тарттырып алса, күнкөрiсi төмендер арзан бағаға заңсыз тартылған электрмен күн көруде. Заңсыздықтың соңы жақсылыққа әкелмейтiнiн жақында 29 жасар келiншектiң токқа соғылып қайтыс болғаны дәлелдеп отыр. Ауыл әкiмiнiң сөзiне сенсек, жарты жылда үлкен трансформатор салынбақ екен. Ауылда 40-тан аса телефон тетiгi бар.

Суреттер

Дереккөздер

Санат:Целиноград ауданы елді мекендері