Бөгенбай – Шалқар-Ырғыз автомобиль жолы бойындағы шоқы.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 240 м. Оқшау орналасқан шоқының орта тұсы дөңгелек пішінді және көтеріңкі келген. Оның ұзындығы мен ені шамамен 300 м-ге жуық. Батысынан Ырғыз өзенінің кішігірім саласы – Талдысай өзені өтеді. Шоқының басында Жангелді аталығының ру басы, Шектінің батыры Бөгенбай батыр (шамамен 1700 – 60 ж. өмір сүрген) жерленген.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ырғыз ауданы таулары Санат:Қазақстан шоқылары