Бөген бөгені – Түркістан облысындағы Бөген өзенінің төменгі ағысында орналасқан. 1967 жылы Ордабасы, Отырар аудандарының егістігін сумен қамтамасыз ету мақсатында салынып, пайдалануға берілген.
Гидрологиялық сипаты Аумағы 65 км2, ұзындығы 13 км, ені 6 км, орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 15 м. Жиналатын су көлемі 377 млн м3. Арыс, Бөген өзендерінің суымен толығады. Суы тұщы. Бөген бөгенінде шармай, Түркістан шабағы, торта, табан, сазан, жайын, көксерке, дөңмаңдай, ақ амур, т.б. балықтар өсіріледі. Жылына шамамен 300 т балық ауланады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Түркістан облысы гидрографиясы