Атасу минералды суы – Қарағанды облысы Атасу темір жол станциясынан солтүстікке қарай 50 км жерде орналасқан шипалы жер асты су көзі. Сулы қабат 80 м-ден төмен тереңдіктегі девон кезеңінің жарықшақтанған құмтастарынан түзілген. Ұңғымадан шығатын судың тәуліктік мөлш. 200 м3-ден астам. Судың минералдылығы 3,7 г/л, ол хлоридті-сульфатты натрийлі түрге жатады. Құрамында стронций, бром, фтор, т.б. элементтер болғандықтан, бұл минералды су асқазан, ішек, бауыр ауруларын емдеуге шипалы. Атасу минералды суы жергілікті тау-кен кәсіпорындарының емдеу-сауықтыру мекемелерінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы I том Орталық Қазақстандағы Атасу минералды суларының құрамында емдік компоненттердің (фтор, радон, бром және т.б.) негізінде сауықтырушы орындар ашылып, "Сарыарқа" деп аталатын минералды су шығарылады. Сыртқы сілтемелер Атасу Атасу кенді ауданы Атбасар артезиан алабы

Сыртқы сілтемелер Минеральная вода

Дереккөздер

Санат:Қазақстан минералды сулары