Географиялық орны Атжақсы – Ақтөбе облысындағы Жем өзенінің сол саласы. Ұзындығы 105 км, су жиналатын алабы 4680 км2 .
Бастауы Мұғалжар тауының оңтүстік-батысындағы Намазтау (318 м) тауының етегінен бастау алып, Көкжиде құмының тұсында Жем өзеніне құяды.
Гидрологиясы Арнасы кең, ағысы баяу. Жемге құяр жердегі орташа су ағымы 2 м3 /с. Қараша – сәуір аралығында суы қатады. Жаз айларында кейде суы тартылып, Жем өзеніне жетпей қалады.Қазақ энциклопедиясы I том
Дереккөздер
Санат:Мұғалжар ауданы өзендері Санат:Жем су алабы