КӨНЕЛІ– Бәле тауларының солт.-батысында оқшауланған тау массиві. Қарағанды облысы Шет ауданы Киік а-ның шығысында 7 км жерде орналасқан. Абсолютiк биіктігі 939 м. Солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 4 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5 км. Беткейі жарқабақты, аз тілімденген, пішіні доға тәрізді келген. Солт-нде Арқалық тауы, шығысында Жыланды тауы, оңт-нде Арқарлы тауы, батысында Қапал тауы орналасқан. Делювийлі-пролювийлі жазықтарындағы сұр қоңыр топырақ жамылғысында тұран жусаны, баялыш, т.б. өсімдіктер өседі.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Көнелі · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.