Көпшоқы – Табақкеңтатыр аңғарының оңтүстігіндегі шоқылы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақжайдақ темір жол стансасының солтүстік-шығысында 16 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 513 м. Батыстан шығысқа қарай 2,5 км созылып жатыр, енді жері 1 км.
Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Жер бедері Беткейі көлбеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады.
Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, баялыш, күйреуік, т.б. өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары