КӨЛТАЙ– Жайық және Қалдығайты өзендерінің аралығындағы сор. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе а-ның оңт.-шығысында 35 км жерде орналасқан. Солт-тен оңт-ке қарай 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5 км. Сордың беті тегіс келген. Солт-нде Жиенбайсор соры, Қырықжылдық қыстауы, шығысында Батабай, Бабатай қыстаулары, оңт-нде Көне және Жаңа Көлтай қыстаулары, батысында Шүмен, Сарыдала қыстаулары орналасқан. Сордың беткі тұз қабаты қабыршақталған.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Көлтай · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.