Жалаулы – Тарбағатай жотасының орталық бөлігіндегі тау басы.
Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 2992 м. Беткейлері тік, құз-жартасты. Тау басында мұз басу болмаған, жаз айларында аздаған қар жатады. Жалаулыдан Мақаншы өзені бастау алады. Тау басы және оның биіктеу аңғарлары шалғынды.
Геологиялық құрылымы Палеозойдың тақтатас, диабаз, туф жыныстарынан түзілген.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Үржар ауданы таулары